Ақтаудың бір шағынауданында асфальт жабыны жол апатына себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 1 ақпанда, сағат 11:30 шамасында 3-шағынауданда, №21 үйдің маңында болған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау маршрутын айналып өту кезінде Zero Waste Ақтау ЖШС-нің қоқыс таситын көлігі шұңқырға түсіп кеткен.
Компания өкілдерінің айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ.
"Алғашқы тексеріс кезінде техникадан зақым анықталған жоқ. Сақтық шарасы ретінде көлік өндірістік базаға жеткізіліп, толық техникалық тексеруден өтеді", – деп мәлімдеді компания.
Үзіліссіз жұмыс үшін маршрутқа жедел түрде қосалқы арнайы техника шығарылған. Қоқыс шығару кестесі бұзылмаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz