- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда қоқыс көлігі...
Ақтауда қоқыс көлігі жарылды: дүкен ғимаратының әйнегі сынып кетті
Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылар мәліметінше, бүгін, 7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті.
Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып, 20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті.
Өрт сағат 12:19-да сөндірілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек