Ақтауда клиенттердің құқығын бұзған сауда желісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20 пайызға жуық жоғары бағамен сату фактісі анықталды.
Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Азаматшаны заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.
Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!