Ақтауда "ҚазАзот" цехының шатыры опырылып құлады. Куәгерлердің айтуынша, "ҚазАзот" АҚ жақта жарылысқа ұқсас қатты дыбыс түнде болған. Кейін цехтардың бірінің шатыры құлағаны анықталды, - деп хабарлайды Lada.kz.
"ҚазАзот" АҚ баспасөз қызметі кәсіпорында күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехы (ПСМУ) ғимаратының шатыры ішінара қирағанын нақтылады.
"Оқиға 24 шілдеде сағат 05:20-да болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ғимараттың шатыры ішінара құлап кеткен. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орны "Жалын" өртсөндіруші" ЖШС авариялық-құтқару қызметімен тексерілді", - делінген "ҚазАзот" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір қауіпті аймақ қоршауға алынды. Қызметкерлерге кіруге тыйым салынды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.