Ақтауда кәсіпкер №25 мектеп әкімшілігінің негізсіз әрекетіне шағымданды. Ол Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, мектеп пандус салу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу шартын бұзып, жұмысты қабылдаудан және төлем жүргізуден себепсіз бас тартқан. Кейін кәсіпкер Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жүгінген.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті осы мәселе бойынша қала әкімдігі мен оқу орнына ұсыным жолдады. Нәтижесінде, қала әкімдігі мен мектеп әкімшілігі кәсіпкерге жұмысты қабылдамаудың себебін жазбаша түрде түсіндірді", - деп жазды авторлар.
Сондай-ақ, мектеп нысанды қабылдап, кәсіпкердің алдындағы берешегін өтегені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!