Ақтауда қару асынған ер адам ұсталды

Ақтауда жергілікті тұрғынның күртешесінің ішкі қалтасынан полицейлер 16 калибрлі аңшы мылтығының шолақ нұсқасын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 28 тамызда түнде Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 32А шағынауданында атыс қаруын заңсыз сақтауға қатысты құқықбұзушылық анықталған.

"Тексеру кезінде полицейлер ер адамның күртешесінің ішкі қалтасындағы ақ пакеттен 16 калибрлі аңшы мылтығының шолақ үлгісін тапқан. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады полиция.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қолхатпен босату және тиісті мінез-құлық міндеттемесі тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз