Ақтауда қант тапшылығына байланысты супермаркетте дүрбелең болды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев Желіде видео жариялаған. Кадрлардан сауда залына қант сатылымға қойылғаны, адамдар тауарды алуға тырысып жатқаны көрінеді.
Басылым мәліметінше, мұндай дүрбелең қанттың сөрелерде сирек кездесетіндігіне ғана емес, оның күрт қымбаттауына да байланысты туындаған. Видео авторы екі келі қанттың бір келісі 450 теңгеден сатылғанын атап өткен.