- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда каналдан өлі...
Ақтауда каналдан өлі табылған спортшыға қатысты іс: полицейлерге іс қозғалды
21 жастағы Валерия Шальнованың өлімі мен оның зорланғаны туралы материалдар жинаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар "лауазымды өкілеттігін асыра пайдаланды" деп күдікке ілінді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Валерия Шалнованың өлімі туралы істі тергеп жатқан Ақтау полицейлері жауапқа тартылуы мүмкін. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану", яғни 362-бап бойынша қылмыстық іс жүргізіледі.
Сонымен қатар, бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысып, оны уақытылы ашуға кедергі тудырғанын айтқан еді.
Еске салайық, Валерия Шальнованың мәйіті 2 шілдеде таңертең Ақтау іргесіндегі су жиналатын каналдың маңынан табылған болатын. Марқұмның туыстары суицид нұсқасына сенбеді. Олардың айтуынша, қыздың өліміне кінәлі адам бар, ол ұсталған.
Валерия қоян-қолтық ұрыстан кәсіби түрде жаттыққан. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан.
Сонымен қатар, кейінірек күдікті ұсталғаны белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова