• 516.01
  • 490.7
  • 5.17

Ақтауда кәмелетке толмаған қыз өзін алып қашқандарды айыптаудан бас тартты

Ақтауда кәмелетке толмаған қыз өзін алып қашқандарды айыптаудан бас тартты
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде кәмелетке толмаған қызды үш жігіт ұрлаған дерек бойынша видеоролик тарады. Алайда қыз өзін ұрлағандарды айыптаудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 6 қаңтарда болған. Қыздың анасының арызы бойынша Ақтау Полиция бақсқармасы 6 қаңтарда кәмелетке толмаған адамды бас бостандығынан айыру дерегі бойынша тергеу бастаған.

Тергеу нәтижелері бойынша іс қандай да бір қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылған. Кәмелетке толмаған қыздың жауаптарына сай ұрлықты ұйымдастырған оның сыныптасы екені анықталған. Олар қыз бен жігіт болған. Жігіт қызға үйлену үшін ұрлау ниеті барын бірнеше рет айтқан. Сондай-ақ, қыз өз жауабында сыныптасы мен оның достары тарапынан зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоқы көрсетілмегенін айтқан.

Осындай жауапты жәбірленушінің сыныптасы мен оның достары да берген. Құдаласуға қатысты келіссөздер үшін туысы жіберілген, содан кейін қыз анасына қайтарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова