- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- айыппұл
Ақтауда жылжымалы хайуанаттар бағының иесіне айыппұл салынды
Ақтауда еріктілер бірнеше рет шағымданған жылжымалы хайуанаттар бағы тексерілді. Тексеру нәтижесі туралы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамандар өз құзыреті шегінде заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ.
"Жабайы жануарлардың ветеринарлық анықтамалары, төлқұжаттары бар, вакцинацияланған", - деп хабарлады инспекция.
Алайда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 407-2 бабы) хайуанаттар бағының иесіне 30 АЕК-ке (110 760 теңге) дейін айыппұл салынады.
Еске салайық, желтоқсан айының басында табиғатты қорғау прокуратурасы Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағындағы жануарлардың жағдайын тексеруді тапсырған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек