- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жүріп бара...
Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен бала түсіп қалған: жүргізуші табылды
Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен бала түсіп қалған сәт видеоға түсіп қалды. Жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрларда көлік қиылыста қалай бұрылғаны көрінеді. Сол сәтте жолдың дәл ортасында көліктің алдыңғы жолаушылар есігі ашылып, бала жерге құлайды. Көлік жүргізушісі бірден тоқтап, балаға қарай жүгіреді.
Полиция көлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жүргізуші кім екені анықталған.
"Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деді аймақтық полиция өкілі.
ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді, бұл - 18 480 теңге.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова