Ақтауда жүргізуші ойын алаңында баланы қағып кетті

Ақтауда жүргізуші ойын алаңында ойнап жүрген баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 12 қаңтар күні түнде, 29-шағын ауданда 22-үйдің маңында болған. Hyundai Accent көлігі "Мерседес" көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан сырғып барып, көлік ойын алаңына кіріп кеткен. Апаттан ойын алаңында ойнап жүрген бала зардап шеккені айтылды. Қазіргі уақытта бала балалар ауруханасына жеткізілді.

"Осы факті бойынша "Мерседес" көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Басқа мәліметтер жария етілмейді. Тергеу басталды", - деп хабарлады өңірлік полиция.

Желіде оқиға болған жерден видеолар тарады. 

Әзірге қосымша ақпараттар белгісіз.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!