Ақтауда жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балаларды басып кете жаздады. Оқиға көліктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Видеода 12 және 16 ықшамаудандар арасындағы жаяу жүргіншілер өткелінен екі баланың жолды кесіп, жүгіріп өтпек болған сәті түсірілген. Олар жол ортасында Shacman жүк көлігі астына түсіп кете жаздайды. Ересек бала тез әрекет етіп, кішкентай баланы қолынан тартып қалады. Осылайша оқыс оқиғаның алдын алған.
"Бұл жағдайда ауыр жүк көлігінің жүргізушісі төтенше жағдай туғызды. Ол тоқтамады, жолда ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізбеді. Балалар да өз тарапынан жол бойында көліктердің жоқтығына көзжеткізуі керек еді", - дейді жүргізуші Яков.
Lada.kz Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен пікір күтіп отырғанын жазды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз