Ақтауда куәгерлер жігіт пен қыздың арасындағы жанжалды түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті Instagram парақшалардың мәліметінше, оқиға 2 тамызда таңғы сағат 8:00 шамасында жағалауда болған.
Бір видеода ер адам ақ жакет пен қара көйлек киген қызды ұстап тұрғаны көрінеді. Қыз қарсылық білдіріп, босауға тырысады. Жақын маңдағы адамдар оқиғаға араласқан.
Жағалау маңында түсірілген тағы бір видеода ер адам мен қыздың әңгімесі естіледі. Дау кезінде ер адам оған: "сені зорлаймын" деп қорқытады.
Содан кейін қыз үстіндегі жейдесін шешіп тастаған ер адамнан қашуға тырысады, ал ол қызды жолда қуған. Бірнеше жүргізуші ер адамды бөгеу үшін тоқтайды.
Қыз өтіп бара жатқан көліктердің біріне мініп үлгерген, бірақ ер адам көлікке жүгіріп келіп, есікті тартып қалған. Жүргізуші қызға көмектесу үшін көліктен түскен, ал камера сыртында тұрғандар жүргізушіден қызға көмектесуді және оны қауіпсіз жерге апаруды өтінген.
Видеода бейәдеп сөздер бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова