Ақтауда ер адам жолаушылар автобусының жүргізушісін ұрып жіберген. Автобус бағыты иесінің айтуынша, шабуыл еш себепсіз жасалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 7 шілде күні болған, ол №2 автобуста орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кадрларда кондуктордың автобус жүргізушісіне қарай ұмтылған адамды қалай ұстамақ болғанын көруге болады, бірақ оның қолынан бұл келмеген. Ол соңында жүргізушінің бетінен жұдырықпен ұрған.
№2 автобус бағытының иесі Руслан Ахметнәбиевтің айтуынша, автобус жүргізушісі Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған.
"Бізге жағдайды анықтау үшін полиция қызметкерлері келуі керек. Жолаушы өзін орынсыз ұстады, салонда әдепсіз сөздер айтты, кондуктор оған ескерту жасаған, ол оған тап бермек болған, содан кейін күтпеген жерден жүргізушіге жақындап, оны ұрған. Біз камерадан жүргізушінің бұл ер адамға ешқандай ескерту жасамағанын көрдік. Абырой болғанда, аялдама болып қалды, әйтпесе автобус жүріп бара жатқанда болса, Алматыдағы жағдай жағдай қайталанар ма еді? Мұндай фактілердің жолын кесу керек деп ойлаймын, өйткені бұл әзіл емес", - деп Руслан Ахметнәбиев.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!