Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызды Солдатский жағажай маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
"2015 жылы туған қыздың жағдайы өте ауыр, ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазір реанимацияда жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы.
"Тойота Сиенна" автокөлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзып, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген, көлік құралын немесе басқа да мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік уақытша айыппұл алаңына қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!