Ақтауда жол апаты болды: балалар зардап шекті

Ақтауда жол апаты болды: балалар зардап шекті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақтауда Автодром ауданында жол апаты болып, балалар зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық қызмет көрсету станциясының мәліметінше, оқиға 13 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Жедел жәрдем шақырту туралы хабар сағат 21:07-де түсті.

Жол апатынан 2008 және 2012 жылы туған екі қыз зардап шеккені белгілі болды. Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина