- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жоғары қабаттан...
Ақтауда жоғары қабаттан тасталған диван ер адамның басына түскен: науқастың жағдайы белгілі болды
Ақтауда жоғары қабаттан басына диван түскен 39 жастағы ер адам әлі күнге дейін сал болып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық аурухана дәрігерлері 39 жастағы науқастың әлі де емдеу мекемесінде жатқанын хабарлады.
"Өзгерістер байқалған жоқ. Ер адам әлі сал болып жатыр", - дейді дәрігерлер.
Облыстық полиция департаменті қызметкерлері қылмыскерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты. Бұл іске қатысты қылмыстық іс жабылмаған. Тергеу әлі жүріп жатыр.
Еске салайық, оқыс оқиға туралы 16 қаңтарда Ақтауда хабарланған еді. Жоғары қабаттан тасталған жиһаз өтіп бара жатқан адамның басына түскен. Ер адамның мойын омыртқасы сынған. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған еді.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де 11-шағынаудандағы 41-үйде болған. Диван 6-қабаттағы пәтерден тасталған. Осылайша, ол 39 жастағы ер адамның басына түскен. Зардап шеккен адам ес-түссіз жедел жәрдем көлігімен қабылдау бөліміне жеткізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек