- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жоғалған 24...
Ақтауда жоғалған 24 жастағы қыз табылды
Фото:
lada.kz
Ақтауда жоғалып кеткен 24 жастағы Кәмшат Керім аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарлады.
Полиция мәліметінше, Кәмшат үйіне өзі оралған.
"Ол қайда жүргенін айтпады. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 23 сәуірде құқық қорғау органдары мен туыстары 24 жастағы Керім Кәмшатты іздестіріп жатқаны хабарланған болатын. Ол 18 сәуірде жоғалып кеткен.
Әлеуметтік желілерде де 18 сәуірде кешкі сағат 10 шамасында "Шығыс-3" кентіндегі үйінен шығып, оралмаған қыз іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина