- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жігіт алтыншы...
Ақтауда жігіт алтыншы қабаттан құлап өлді
Ақтауда жас жігіт алтыншы қабаттан құлап өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл туралы 2 мамырда сағат 07:20 шамасында 102 кезекші пультіне 4 шағынауданда алтыншы қабаттан жас жігіттің құлағаны туралы шақыру түскен.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Жағдайды анықтау барысында жас жігіттің алтыншы қабаттан құлағандығы анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Lada.kz ресми емес дерекке сілтеме жасап мерт болған жігіттің 16 жастағы жасөспірім екенін хабарлады.
Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу кезінде мұндай ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан