Ақтауда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соғысты, екі жүргізуші де зардап шекті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым апат бір күн бұрын болғанын жазды.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota қарама-қарсы жолаққа шығып, аялдамада тұрған автобусқа соқтығысқан.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Оның мұрны сынған, оториноларингология және офтальмология бөлімінде ем алуда.
Екінші жүргізуші де ауруханаға жатқызылды.
Өңірдің полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!