Қатты желдің салдарынан Қазыбек бидің суреті бейнеленген баннер жыртылып қалды. Оқиғаға жауаптылар пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
9-шағынаудандағы №19 үйде қазақтың биі Қазыбек бидің суреті салынған баннер қатты желдің кесірінен жыртылып қалды.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі енді бұл жерде Қазыбек бидің бейнесі бейнеленген жаңа баннер ілінетінін айтты.
"Баннер дайындалып жатыр", - деді шенеуніктер.
Еске салайық, былтыр Ақтауда екі көпқабатты үйдің баннерлері жұлынған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!