- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жаттықтырушының көмекшісі...
Ақтауда жаттықтырушының көмекшісі жас спортшыны таяқшамен ұрған деген ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде спортшы қызды жаттықтырушының көмекшісі ұрғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция 12 жастағы спортшының анасы арыз жазғанын растады. Эстетикалық және көркем гимнастика федерациясының басшылығы бұл ақпарат жала екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Михаил Козачков әлеуметтік желілерде қыздың анасы жаттықтырушының көмекшісі баласын ұрғанын айтып, жүгінгенін жазды.
"Міне осындай сурет келді, оны Ақтау тұрғыны Жадыра Телова жіберді. Оның қызының гимнастика жаттығуларынан кейінгі суреті. Жадыраның айтуынша, қызын жаттықтырушының көмекшісі таяқшамен екі рет ұрған. Ол - Маңғыстау облысының эстетикалық және көркем гимнастика федерациясының басшысының кәмелетке толмаған қызы", - делінген жазбада.
Полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, 12 жастағы қыздың анасы полицияға арыз жазыпты. Сараптама тағайындалды.
"Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Бұл жағдайға федерация басшысы пікір білдірді. Ол мұның бәрі жала екенін жеткізді.
"Ақталып жатқанымызға және кешірім сұрап жатқанымызға нешінші күн. Бірақ бұл адам маған барлық жерге арыз жазуын қояр емес. Ол Туризм және спорт министрлігіне, полицияға, спорт басқармасына жүгінді. Қысқасы, барлық жерге жазды. Бұл - менімен оның анасы арасындағы қақтығыс. Мені спорт басқармасына шақырды, қазір осындамын. Менің қызым жаттықтырушыға көмектеседі, ол 16 жаста, заң бойынша көмектесуге құқылы. Ол сол күні жаттықтырушы болды. Ұрып-соғу туралы білмеймін. Мүмкін олар өздері істеген шығар, мен балалардан сұрадым. Мен ол жерде жүрмеймін, жай ғана жетекшілік етемін", - деді Маңғыстау облыстық эстетикалық және көркем гимнастика федерациясының директоры Гүлзира Ақжігітова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова