Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан

Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Фото: Видео кадры

Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан. Бұл жайт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жуырда қала жағажайында тұрған тас қоршауды балалар қиратып жатқан сәт бейнебақылау құралына жазылып қалған. Полицейлер тәртіп бұзғандарды ұстап, олардың жақындарын оқиға орнына шақыртқан. Бұзақылыққа бой алдырған жасөспірімдердің ата-анасы айыппұл төлеуге міндеттелді.

"Вандализм" дерегі ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының, яғни кәмелетке толмағандардың вандализміне сәйкес келтірілді. Ақтау қаласының жағалауында жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы екі дерек анықталды, әкімшілік хаттама жасақталды", - деді Маңғыстау облысы бойынша ЖПБ бөлім бастығы Әлібек Намазов.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысында инфрақұрылым нысандарын бұзу, көшедегі жасыл желекті бүлдіру бойынша 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылып отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова