Ақтауда жасөспірімдер ер адамдарға шабуыл жасады. Төбелес видеосы Instagram-да жарияланды. Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Видеода бірнеше жасөспірім алдымен бір адамға шабуыл жасайды, ол жасөспірімдер тобына қарсылық көрсете алмай қашуға мәжбүр болады. Одан кейін бұзақылар тағы бір адамға жабылады. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Видео кеше, 4 қазанда Ақтаудағы 26-ықшамауданда түсірілгені белгілі болды. Полиция департаменті күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
"Бұзақылық" дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
"Заңды өкілдер кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 127-бабы). Жаза 10 АЕК, яғни 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады. Құқықбұзушылар профилактикалық есепке алынады", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз