Ақтауда көпқабатты үйдің маңынан қыз өлі табылған. Қайғылы оқиға 10 қазанда кешке 17-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен жедел тергеу тобы барды. Мәліметтер нақтыланып жатыр.
Полицияның мәліметінше, 10 қазанда сағат 19:00 шамасында 17-шағынауданда мәйіт табылды деген шақыру келіп түскен.
Оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері жоқ 16 жастағы қыздың мәйіті табылған.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қалалық СДТБТ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді облыстық Полиция департаментіндегілер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ата-анасының ажырасуы балаға қалай әсер етеді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!