- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жасөспірім итті...
Ақтауда жасөспірім итті ыстықта темір жәшікке салып, азаптаған
Ақтауда белгісіз біреулер итті аптап ыстықта темір жәшікке салып, азаптаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAktau басылымына сілтеме жасап.
Зооқорғаушылардың сөзінше, бұл мұндай бірінші жағдай емес.
"27 шағынауданда болған жайт туралы видео келді. Ит үш күн бойы темір жәшікте отырған. Оны ұстаған бала итті сатып алғанын айтты. Қасында кішкентай кәндектері болған. Ата-анасын шақырдық, бірақ әкесі вахтада, анасы ауруханада екен", - дейді еріктілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еріктілердің сөзінше, далада аптап ыстық, ал жәшіктің іші одар ары ысып, +50 градусқа дейін жетеді екен. Иттің қасында су болмаған. Еріктілер полицияға арыз жазып, жануарларға жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық іс қозғауды сұрады.
"Бізден арызды қабылдағысы да келмеді. Ақыры алды", - дейді еріктілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина