Маңғыстау облысында Ақтау-Ақшұқыр жолында жантүршігерлік жол апаты болған - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адам ауруханаға жеткенше қайтыс болды.
"Аурухана дәрігерлері үш науқасқа медициналық көмек көрсетті. Бір науқас ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі науқасқа амбулаторлық ем көрсетіліп, үйіне жіберілген", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!