Ақтауда жанармай құю станциясының қасында көлік өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар "Qazaq Oil" жанармай құю станциясы өртеніп жатыр деп ойлаған. Оқиғаның егжей-тегжейін өңірлік ТЖД түсіндірді.
Оқиға 22 қарашада шамамен 20:00-де болған.
Алайда өңірлік ТЖД бұл мекенжай бойынша ешқандай шақырту түспегенін нақтылады.
Өртке 1995 жылғы Volkswagen Passat себеп болған. Көліктің мотор бөлігінде электр сымдары қысқа тұйықталған. Абырой болғанда, өрт әрі қарай таралмай, көлік иесі өз күшімен тез сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, жанармай құю станциясының жұмысы бұзылмаған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жол үстінде Toyota Camry көлігі толықтай өртеніп кеткен еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек