- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда жанармай құю...
Ақтауда жанармай құю бекетіндегі көлік жанып кеткен: зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды
Ақтауда жанармай құю бекетіндегі көлік жанған кезде зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер науқастың жағдайын салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағалады. Маңғыстау облыстық ауруханасы мәліметінше, зардап шеккен 29 жастағы ер адамның денесінің 20 пайызынан аз бөлігін күйік шалған.
"Зардап шеккен адамның сол жақ білегін, тобығының үстіңгі жағын күйік шалған. Барлық қажет медициналық емді алады. Осы аптаның соңында шығарылады деп күтіліп отыр", - деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі өкілі.
Әлеуметтік желілерде көлік жанып жатқан видео пайда болды.
Айта кетейік, оқиға 30 шілдеде сағат 14:47-де болған. Ақтау маңындағы №3 өнеркәсіп аймағы ауданындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде өрт шығып, бір көлік өртеніп, екіншісі зақымданған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова