Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кеткен

Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кеткен
Фото: Куәгерлер ұсынған сурет

Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кеткен , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы жағдай 20 шілдеде таңертең Ақтаудағы 5-шағынауданда болды.Оқиға орнына жедел түрде төтенше қызмет өкілдері келіп жетті. Ғимараттың шатырына шығу үшін арнайы автосаты тартылған.

Құтқарушылар жақындамақ болған сәтте, ер адам кенет секіріп, төмендегі қосымша құрылымға құлап түсті. Өкінішке қарай, құлаған ер адам жан тапсырды.

Барлық қызмет жедел әрекет етіп, марқұмның денесі эвакуацияланды.

Маңғыстау облыстық шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі ер адамның медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмғанын айтты.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адамның не себепті киімсіз шатырға шыққаны да әзірге белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget