- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда Хабибті көруге...
Ақтауда Хабибті көруге жиналған жұрт полицейді итеріп жіберді - видео
Naiza 41 х Eagle 48 ММА бойынша халықаралық турнир аяқталғаннан кейін Ақтау жағалауында жанкүйерлер UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа қарай жүгірген, - деп хабарлайды "Лада".
Басылым мәліметінше, жастар суретке түскісі келген. Жанкүйерлер Хабибті қоршап алған, алайда спортшының қасында жүрген күзетшілер мен полицейлер оған жақындатпай, спортшыны көлікке алып кеткен.
Турнир барысында жанкүйерлермен арада қақтығыстар болған. Билеті болмаған жас жігіттер амфитеатрдың сахнасына кіру үшін қоршауға шығып алған. Кейін полицейлерге көмекке арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкерлері келген.
Жекпе-жек кешке дейін жалғасқан, жиналғандар түнгі сағат екіге қарай тарай бастаған. Жағалауда түрлі сусындардың ыдыстары, басқа да қоқыстар тау болып үйіліп қалған. Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде қатты музыкаға шағымданған.
Ж. Қадыржанова