Ақтауда ес-түссіз, қансырап жатқан қария ауруханаға жеткізілді. Оның тұрғын үйдің маңында жатқан видеосы тұрғындарды шошытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота бөліміне жатқызылған. Кейін оның есту қабілеті нашар екені белгілі болған.
"Болжам бойынша ер адамның есту аппараты бұзылып қалып, осы жағдайды ауыр қабылдағаны айтылады. Ол оқиға болар алдында туыстарымен қоштасып, үйден пышақ алып шығып кеткен", - деп жазылған телеарна мәліметінде.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түскен ер адам қазір дәрігерлердің бақылауында.
"Ер адам жансақтау бөлімінен жалпы хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Науқастың жалпы жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", - деді Маңғыстау облысы көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова