Ақтауда ерекше баланың анасы түзету орталығының тренерін ұлына күш көрсетті деп айыптады

Ақтауда ерекше баланың анасы түзету орталығының тренерін ұлына күш көрсетті деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі редакцияға берген жауабында бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Өтініш берушінің барлық дәлелі тексеріледі, сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерттеледі. Мекеме қызметкерлерінен жауап алынады", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, тиісті уәкілетті органдарға - Білім және Денсаулық сақтау басқармаларына өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін ұсыныс жіберілмек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!