Ақтауда Құтқарушылар күніне орай 21-шағынауданда ерекше аялдама ашылды. Құрылым өртсөндірушілерге арналған арнайы техникаға ұқсайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, аялдамаға тақырыптық бағытта өзгерістер енгізілген.
"Жаңа арт-нысанның ресми ашылуы 19 қазанда - Құтқарушылар күніне жоспарланған. Аялдама мақсаты бойынша ғана емес, сонымен қатар азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық алаң ретінде де пайдаланылады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!