Ақтауда ер адамның үйінен және көлігінен қару-жарақ табылды

Ақтауда ер адам қару-жарақпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

27 шілдеде Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен сағат 20:40 шамасында Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 23 жастағы азаматтың сөмкесін жеке тінту кезінде жауынгерлік тапаншаға ұқсас зат табылды. Kia Sportage көлігін тексеру кезінде 60 дана РАК маркалы 9 миллимерлі патрон тәркіленді.

"Бұдан әрі, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жатын бөлмесіне тінту жүргізу барысында бір атаусыз травматикалық тапанша, 720 дана РАК, 40 дана Барнаул, 30 дана Гром, 12 калибрлі 6 "10Х24" деген жазуы бар 18 патрон тәркіленді", - делінген хабарламада.

polisia.kz

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған автокөлік құралы айыптұраққа қойылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!