Желіде ер адамның лифтіде әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оқиға 27 сәуірде Ақтауда болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видео Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде түсірілген. Онда ер адамның әйелді тепкілеп, жұдырықтап жатқаны көрсетілген.
Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін күдікті бес тәулікке дейін қамауға алынады.
"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз