Ақтауда қызыл жалынға оранған үйде ер адам тірідей өртеніп кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде ер адамды құтқарып қалды. Өрт Ақтау қаласының Шығыс-2 шағынауданындағы екі қабатты тұрғын үйден шықты.
Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары пәтерден 1959 жылғы ер адамды құтқарды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырған.
"Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған ҚР ТЖМ хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!