Ақтауда ер адам мүсіннен құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
4А-шағынауданындағы Жартасты соқпақ аумағында ер адам қаза тапты. Бұл ақпаратты құтқарушылар растады.
Облыстық ТЖД мәліметінше, ер адамның қаза тапқаны туралы хабар 6 қазанда сағат 13:45-те "103" диспетчерінен түскен.
Ер адам сақтық шараларын ескермей, "Русалка" мүсіндік композициясынан құлап, тастарға соғылған.
Қайтыс болған адамның жеке басы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!