Ақтауда ер адам мүсіннен құлап, көз жұмды

Ақтауда ер адам мүсіннен құлап, көз жұмды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Ақтауда ер адам мүсіннен құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

4А-шағынауданындағы Жартасты соқпақ аумағында ер адам қаза тапты. Бұл ақпаратты құтқарушылар растады.

Облыстық ТЖД мәліметінше, ер адамның қаза тапқаны туралы хабар 6 қазанда сағат 13:45-те "103" диспетчерінен түскен.

Ер адам сақтық шараларын ескермей, "Русалка" мүсіндік композициясынан құлап, тастарға соғылған.

Қайтыс болған адамның жеке басы анықталып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек