- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда ер адам...
Ақтауда ер адам құбырға қыстырылып қалған
Ақтауда ер адам құбырға қыстырылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында 15-21 қаңтар аралығында ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне дабыл бойынша 28 хабарлама түскен. Оның ішінде өрт оқиғасына 2, жану жағдайларына 15, апаттық-құтқару жұмыстарына 8, расталмаған 3 өрт оқиғағасына шақырған. Сонымен қатар, 15-16 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының Кендерлі ауылы мен Теңге ауылында сараймен жапсарлана салынған моншада өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ.
Ал Ақтау қаласында 20 қаңтарда құтқарушылар жертөледе құбырға қыстырылып қалған адамды сүймен (лом) құралы арқылы шығарған. Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.
Оның ішінде:
- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмауға;
- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын қадағалау;
- электр желілерін шамадан тыс жүктемеу;
- тек жарамды электр және газ жабдықтарын пайдалану;
- балаларды қараусыз қалдырмау керегін ескертті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина