- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда ер адам...
Ақтауда ер адам көшеде қыз балаға шабуыл жасады: ешкім көмекке келмеген
Ақтауда ер адам тапа тал түсте әйел адамға шабуыл жасап, қылқындырып, ұрған. Алайда әйел адамға ешкім көмекке келмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі InAktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы парақшада пайда болды.
"Бүгін (3 қаңтарда) сағат 07.30-да №25 үйдің жанында менің сіңліме белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Сіңлім жаяу жұмысына қарай бара жатқан. Ол артынан келіп, соққыға жыққан, сіңлім айғайлап, көмек сұраса да ешкім келмеген", - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек полицияда тіркелген.
"Иә, арыз түсті. Ер адам анықталып, ұсталды. Қазір ол Ақтау қаласындағы полиция басқармасында. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - ейді полициядағылар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина