Ақтауда тұрғын үйдің терезесінің түбіне дәрет сындырған ер адам ұсталды. Ол он тәулікке дейін қамауға алынады. Бұл туралы Ақтау полиция басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 ақпанда 8-шағынаудандағы 22-үйдің артында даланы ластаған адам жауапқа тартылды. Ақтау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері тұрғынды анықтап, оған ҚР ӘҚБТК 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырды.
"Қала мүлкін бүлдірмей, айнала қоршаған ортаға зиян тигізбейік! Олай болған жағдайдайда заң талаптарына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеміз!" - деді полицейлер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз