Ақтауда зейнеткер көпқабатты үйдің кіреберісіне дәрет сындырып, видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 17 мамырда 5-шағынаудандағы № 1 үйде болды. Видео Instagram-дағы жергілікті топтардың біріне жарияланды.
"Үйде дүкен, компьютерлік клуб, банк, нотариус, кафе бар, бәрінде әжетхана бар. Бірақ адамдар ойлануды қойған. Енді оның артын кім тазалауы керек?" - деді желідегілердің бірі.
Аймақ полиция департаменті бұл ер адам кім екенін анықтағанын хабарлады. Ол 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Оған ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл жағдай үшін 5 АЕК немесе 18 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!