- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда ер адам...
Ақтауда ер адам Каспий теңізіне батып кетті
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Ақтауда ер адам Каспий теңізіне батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Оқғиға "Алау" балалар лагерінің маңындағы жағалауда болды. 30 тамызда ер адамның денесін оқиғаның куәгерлері тауып алып, судан шығарды.
Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.
"Суға түсуге тыйым салынған жерде ер адам суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады аймақтық құтқарушылар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина