- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда экс-прокурор барлардың...
Ақтауда экс-прокурор барлардың біріндегі төбелес кезінде адам өлтірді деген күдікке ілінді
Фото:
depositphotos.com
Ақтаудағы барлардың бірінде экс-прокурор төбелес кезінде адам өлтірген. Төбелес 10 желтоқсанда қаладағы барлардың бірінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төбелес кезінде ер адам жарақат алып, 15 желтоқсанда ауруханада көз жұмды. Бұған дейін прокуратурада жұмыс істеген күдікті қамауға алынды.
Күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.
Сот санкциясымен күдікті қамауда отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан