- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда екі шетелдіктің...
Ақтауда екі шетелдіктің асқазанынан есірткілер салынған контейнерлер шықты
Ақтауда екі шетелдіктің асқазанынан есірткілер салынған контейнерлер шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кескен.
21 ақпанда Ақтау қаласында халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдікті ұстады.
Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды.
Фото: ҰҚК
Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 келі болды.
Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина