Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

Ақтауда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан 1966, 1988 және 1985 жылы туған екі әйел мен бір ер адам зардап шеккен.

"Жарақат алғандардың барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!