Ақтауда №5 мектепте дене шынықтыру сабағында оқушыны бұралқы ит қауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен баланың анасы оқиға 4 желтоқсанда болғанын айтты. Әйелге мектептен хабарласып, оның баласын ит қауып алғанын айтқан. Ол мектепке жеткен соң бейнебақылау камерасынан оқиғаның қалай болғанын көрген.
"Иттің алаңдағы тордың маңында жүгіріп жүргені көрінеді. Ол жерде мұғалім де болған, алайда ол күзетті шақырмаған. Ит балаға шабуылдап, қолын тістеп алған. Ал мұғалім итті шабуылдамайды деп ойлапты", - дейді баланың анасы Джульетта Жамиева.
Ол мектептегілер жедел жәрдем де шақырмағанын, сондықтан баланы ауруханаға өзі апарғанын айтады. Баланың анасы сол жерде полиция қызметкерлерін шақырған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!