- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда дәмханада оқ...
Ақтауда дәмханада оқ жарақатын алған жігіт ауруханаға түсті
12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі жігіт жеткізілген. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Рolisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармақшасы ("Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу") бойынша тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан